Дүниежүзіндегі ең биік ғимаратта Қазақстан туы бейнеленді

Дубайдағы әлемнің ең биік ғимараты Бурдж-Халифада Республика күніне орай Қазақстан туы бейнеленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дубайда жүрген қазақстандықтар оқиға орнынан түсірілген видеоларды бөлісті.

Instagram желісіндегі Бурдж-Халифа ресми парақшасында қазақстандықтарды құттықтаған видео да жарияланған.

"Бурдж-Халифа Қазақстан Республикасы күніне орай жанды. Біз халыққа амандық пен тыныштық тілейміз", - делінген видеоның жазбасында.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!