Қызылорда облысында аттракционның кабинасы құлады

Қызылорда облысындағы Жаңақорған ауылында аттракцион кабинасы салбырап, сынып кетті. Оқиға кезінде кабинада адамдар болмаған. Оқиға орнында түсірілген видеоны журналист Гүлмира Әбіқай Facebook-те жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жазба авторы бұл аттракцион ауылда жуырда орнатылғанын жазған. Оқиғаға дейін жергілікті тұрғындар оған отырып үлгерген екен.

"Оқиғаға дейін қызым аттракционға отырған. Билік неге халықтың қауіпсіздігін ойламайды?", - деп ашуланды жергілікті тұрғындардың бірі.

Қызылорда облысы әкімдігі өкілдері жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Видео 15-17 қазан аралығында аттракционды техникалық тексеру кезінде түсірілген. Видеодан көріп отырғандарыңыздай, аттракционда адамдар болмады, зардап шеккендер жоқ", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!