Петропавлда ер адам көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

Петропавлда ер адам көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

Әлеуметтік желіде ер адамның жоғары қабаттан құлаған сәті түсірілген видео тарады. Жазбада оқиғаның Петропавл қаласындағы Әуезов көшесінде болғаны жазылған, - деп хабарлайды Петропавловск.news.

Кадрдан ер адамның жоғарыдан құлап, бірінші қабаттағы баспалдаққа түскенін көруге болады. Алайда полиция адамның терезеден құлағаны туралы ақпарат келіп түспегенін мәлімдеді. 

"Әуезов көшесіндегі немесе Петропавл қаласының басқа мекенжайлары бойынша адамның терезеден құлағаны туралы полиция басқармасының 102 жедел арнасына хабарлама келіп түскен жоқ", – делінген хабарламада. 

Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова