Желіде ресейлік азамат ақтаулық тұрғынды атып тастады деген жалған ақпарат тарады

Желіде ер адамның басқа бір ер адамды мылтықпен атып жібергені түсірілген видео тарады. ІІМ аталған видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

YouTube-та тараған видеода "Ресейлік ер адам Қырым үшін ақтаулықты атып тастады" деген жазбамен жарияланған.

"Бұл видео шындыққа жанаспайды. Осы фейкті Желіде таратқан ер адамдардың іс-әрекеттеріне тиісті құқықтық баға берілетін болады. Барлық тұлғалар анықталып, полицияға жеткізілді", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!