WhatsApp желісінде ақау шықты

WhatsApp желісінде ақау шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Downdetector сайтының мәліметінше, мессенджерде ақау Астана уақытымен сағат 13.00-ге қарай басталған. Қазір WhatsApp арқылы хабарлама жіберу және оны қабылдау мүмкін емес. 

Хабарламаларды жіберу проблемалары мессенджердің мобильді нұсқаларында да, веб-нұсқаларында да байқалады.

Downdetector сайтында мессенджер жұмысына шағымданушылар саны артқан.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!