Қырғызстанмен шекарада шетелдіктер ұсталды

Қырғызстанмен шекарада шетелдіктер ұсталды
Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Қырғызстан Республикасынан мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпек болған төрт шетелдік ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2022 жылғы 22 қазанда "Жасөркен" шекара бөлімшесінің учаскесінде бірлескен жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ҰҚК Шекара қызметі департаментінің әскери қызметшілері мен ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Қырғыз Республикасынан Қазақстан Республикасына мемлекеттік шекараны бұзған төрт шетелдікті ұстады", - делінген хабарламада.

Осы факт бойынша құзыретті органдар жедел-тергеу амалдарын жүргізіп жатқаны айтылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан