Солтүстік Қазақстанды қалың қар басты

Солтүстік Қазақстанды қалың қар басты

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Саумалкөл ауылында бір түнде 30-35 сантиметрге дейін қар жауды, - деп хабарлайды Петропавловск.news.

СҚО ПД жергілікті полиция қызметінің басқармасы ауа райының бұзылуына байланысты көлік жүргізушілеріне үндеу тастады. Тәртіп сақшыларының айтуынша, қазіргідей ауа райының қолайсыз кезінде көлікте жазғы шинамен жүру аса қауіпті.

"Қыс мезгілінің келуіне, ауа райының бүлінуіне, температураның төмендеп, қатқақ болуына байланысты СҚО полиция департаменті жүргізушілерден көліктің қысқы шиналарын уақытында ауыстыруын сұрайды. Автошиналарды уақытында ауыстыру қазіргідей қолайсыз жағдайда жолдағы сенімділікті арттырады. Осылайша өзін және басқа да жол қозғалысына қатысушыларды қауіптен сақтайды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, СҚО-да өткен тәулікте ауа райы бұзылып, қар жауды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова