Ақтөбе облысында жекеменшік үйде газ жарылып, төрт адам зардап шекті

Мұғалжар ауданы, Ақкемір ауылында жеке тұрғын үйлердің бірінде газ жарылып, үй өртеніп төрт адам ауруханаға жеткізілді, біреуінің жағдайы орташа ауыр, - деп хабарлайды "Мой город" басылымы.

"Жеке тұрғын үйде газ-ауа қоспасы жарылып, одан кейін жалпы ауданы 31 шаршы метр үйдің 10 шаршы метр аумағында қабырғалар жартылай опырылып, шатырда өрт шықты. Соның салдарынан төрт адамды күйік алды. Олардың жағдайлары тұрақты", - делінген Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада.

Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаевтың айтуынша, 33 жастағы ер адамның жағдайы ауыр. Оның беті мен кеудесін термиялық күйік шалған. Дәрігерлер науқастың жағдайын орташа ауыр деп бағалаған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!