Мессимен сұхбаттасқан журналист жылап жіберді

Мессимен сұхбаттасқан журналист жылап жіберді
Фото: Видео кадры

Аргентиналық комментатор әрі журналист Пабло Жиральт ПСЖ шабуылшысы Лионель Мессимен сұхбат кезінде көзіне жас алды, - деп жазады Vesti.kz.

Сұхбат кезінде журналист толқығаннан көзіне жас алды. Ал Месси үнсіз қалып, артынша комментаторға қолдау көрсетті. Кейін сұхбат жалғасын тапты.

"Мен осы сәтті өмір бойы күттім. Сенімен бетпе-бет отырып әңгімелесемін деп ойламаппын. Саған шын жүректен алғыс айтамын", - деді журналист.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш