"Миссия орындалды". Қуат Хамитов үйленетінін мәлімдеді

"Миссия орындалды". Қуат Хамитов үйленетінін мәлімдеді
Фото: Instagram/kuat__khamitov

Қазақстандық файтер Қуат "Найман" Хамитов үйленетінін мәлімдеп, Instagram-парақшасында сурет жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Миссия орындалды, жігіттер, мен үйленетін сияқтымын", - деп жазды файтер парақшасында. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Куат Хамитов (@kuat__khamitov)

Оның жанында тұрған актриса Қарлығаш Мұхамеджанова. Алайда желі қолданушылары мұны фильм түсіріліміндегі сәт немесе хайп деген болжамын айтып үлгерді.

"Араларыңызда бірнәрсе барын сезгенмін", "Құтты болсын", "Ол күйеуге шыққан еді ғой", "Әзіліңіз қызық екен, үйленетін адам "шығар" деп айтпайды ғой", "Бақытты бол, Қуат!" "Дұрыс, жүре бермей үйлен", - деп жазған пікір қалдырғандар. 

Айта кетейік, Қуат Хамитов Қарлығаш Мұхамеджановамен "Миссия выполнима" фильміне түскен.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек