Үш күнде не істеймін дейтіндерге: демалыста қайда баруға болады?

Үш күнде не істеймін дейтіндерге: демалыста қайда баруға болады?
Фото: pixabay.com

Биыл қазақстандықтар Республика күніне орай 23-25 қазан аралығында демалады. Massaget.kz үш күнді қызық, есте қаларлықтай әрі пайдалы өткізуге арналған Алматыдағы орындар тізімін ұсынады.

Ауа райы қандай болады?

Қазгидромет мәліметінше, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде 5-12 градус жылы, таулы аудандарда 0-5 градус аяздан 0-5 градусқа дейін жылы болады. 

Тиімді баға іздегендерге: ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі

23-24 қазанда Алматыда Түркістан облысы ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің кеңейтілген жәрмеңкесі өтеді. Түркістан облысының 14 ауданы мен 2 қаласының (Арыс, Кентау) фермерлері алматылықтарға өнімін ұсынады.

Фермерлер ұсынатын ассортиментте ет-сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдерінің, сондай-ақ, ұн, жармалар, өсімдік және жануарлар майы мен басқа да өнімдердің 50-ден аса түрі қамтылады.

Жәрмеңке сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін Шевченко көшесінің бойында Қонаев көшесінен Пушкин көшесіне дейінгі ("Ғылым ордасы" РМО Археология мұражайына қарама-қарсы) мекенжайда өтеді.

Ұлттық спорт түрлерінің жанкүйерлеріне 

Алматыда Республика күніне орай "Ұлы дала ойындары" ұлттық спорт түрлері фестивалі өткізіледі. Жарыс бағдарламасына сәйкес, аламан бәйге, құнан бәйге, тоғызқұмалақ, асық ату және қазақ күресі болады. Өтетін орны - Омаров көшесі, 10А - Алматы ипподромы, уақыты - 25 қазанда cағат 10:00-де. 

Қаланы аралағысы келетіндерге

Медеу мен Алматы аралығындағы экскурсия 23 қазан сағат 10:00-14:00 аралығында болады. Сапар бағыты "Алтын алаң", ескі қала, тарихи орталық, Астана алаңы, Орталық стадион, Атакент, Ботаникалық бақ, Республика алаңын қамтиды. Маршрут бойынша фотосессияға екі қысқа аялдама қарастырылған. Әр турдың ұзақтығы - 3 сағат. Экскурсия құны - 3000 теңге.

Жиналатын орын:
- Медеуге сапар - Достық даңғылы бойындағы аялдама, Қазақстан қонақ үйіне қарама-қарсы
– Алматы бойынша саяхат - Абай даңғылынан жоғары Достық даңғылындағы аялдама

Көркем өнер жанкүйерлеріне

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында 23 қазанда сағат 18:30-да "Қобыланды" спектаклі көрсетіледі. Мекенжайы - Абай даңғылы, 103. Кіру құны 500 теңгеден басталады.

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында 23 қазанда сағат 18:00-да "Корсар"  балеті қойылады. Мекенжайы - Қабанбай батыр, 110. Билет құны 1000 теңгеден басталады.

23 қазанда Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында "Қар қызы", "Сырымды саған айтамын" атты екі спектакль қойылады. Мекенжайы - Абылай хан даңғылы, 38. Билет құны 600 теңгеден басталады.

Ерекше форматтағы концерт іздегендерге

23 қазанда Ne Prosto Orchestrа тәуелсіз оркестрі "Великолепный век" сериалының әуендерінен тұратын концертті ұсынады. Орны: Республика сарайы, Достық даңғылы, 56. Құны 7500 - 18 500 теңге аралығында болады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова