Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Украина өкілі сөйлегенге дейін кетіп қалды - БАҚ

Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Украина өкілі сөйлегенге дейін кетіп қалды - БАҚ
Фото: Facebook.com/GeneralStaff.ua

Қауіпсіздік кеңесі отырысында қызық жағдай болған. Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Украина тарапының өкілі сөз бастамас бұрын шығып кеткен. Massaget.kz тілшісі Украинадағы кейінгі оқиғаларға шолу жасады.

Черкассы облысы соққыға ұшырады

Черкассы облысы 22 қазанға қараған түні соққыға ұшырады. Оқиға орнында тиісті қызметтер жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы облыстық әскери әкімшілік басшысы Игорь Табурец Telegram-арнасында хабарлады.

Еуропа Украинаны қолдауда бірігеді - Германия канцлері

Германия канцлері Олаф Шольц ЕО саммитінің қорытындысы бойынша Еуропа Украинаны қорғауда, саяси, гуманитарлық, қаржылық, сондай-ақ, қару-жарақпен қолдауда біртұтас болып қала беретінін мәлімдеді.

Ол осы аптада Украинаға Еуропалық бейбітшілік қоры аясында тағы 500 миллион еуро бөлінгенін және украиналық сарбаздарды даярлау бойынша ЕО миссиясын құру туралы шешім қабылданғанын еске салды.

Оның сөзінше, Германия жоспарланған екі штабтың бірін құру арқылы осы оқу миссиясын қолдауға дайын. Шольц Украинаның қаржылық қажеттіліктері жыл соңына дейін жабылатынын мәлімдеді.

Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Украина өкілі сөйлегенге дейін кетіп қалды - БАҚ

Ресей Федерациясының БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Василий Небензя Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Украинаның тұрақты өкілі Сергей Кислица шығардың алдында кетуге шешім қабылдаған.

Сонымен қатар, Украина тарапы сөз бастамас бұрын Небензя Ресей Ираннан камикадзе дрондарын сатып алғаны туралы мәлімдемелер "жалған" екенін айтты. Ол БҰҰ-ның бұл істі тергеуіне қарсы екенін білдірді.

Украинаның тұрақты өкілі Кислицаның кезегі келгенде Небензя залдан шығып кеткен. Украиналық дипломат әріптестерінен Ресей Федерациясының өкілін тыңдауға мәжбүр болғаны үшін кешірім сұраған. Ол БҰҰ-ға ресейліктердің Кахов су электр станциясын бұзуына жол бермеу керегін ескертті.

Ресей су электр станциясын жойғысы келеді - Украина

Украина Ресейді Шығыс Херсон аймағында орналасқан су электр станциясын жоюды жоспарлады деп айыптап отыр. Украина президентінің кеңесшісі Михаил Подоляктің айтуынша, Ресей әскері Украинаның шабуылына тап болған төменгі Днепрді су басу үшін Кахов СЭС-тегі бөгет пен трансформаторларды миналап жатыр.

Зеленскийдің айтуынша, Ресей 18 миллион текше метр суды жіберу үшін бөгет пен электр станциясын жарып, Херсон мен жүздеген мың адам тұратын ондаған ауданды су басуын жоспарлап отыр. Ол күнделікті бейнеүндеуінде бөгеттің жарылуы "үлкен апат" болатынын мәлімдеді.

ЕО Украинаға 1,5 миллиард еуро беруге уәде етті

Еуропалық Одақ келесі жылы Киевке шамамен 1,5 миллиард еуро экономикалық көмек көрсету жоспарын әзірлеп жатыр.

ЕО көшбасшыларының саммитінен кейін сөйлеген сөзінде ЕО басшысы Урсула фон дер Лейен Украина халықаралық донорлардан тұрақты, сенімді макроэкономикалық қолдау сұрағанын айтты.

Ердоған Зеленский және Путинмен сөйлесуді жоспарлап отыр

Режеп Тайып Ердоған алдағы күндері Ресей мен Украина президенттері Владимир Путин және Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесетінін айтты.

"Біз қаншалық алысқа бара алатынымызды түсінеміз. Бейбітшілік орнайды деген үмітімізді жоймаймыз", - деді Түркия президенті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова