Абай атындағы мемсыйлық иегерлері белгілі болды

Абай атындағы мемсыйлық иегерлері белгілі болды

Абай атындағы мемсыйлық иегерлері белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2022 жылғы мемлекеттік сыйлығы:

1. Жайлыбай Ғалымға, ақын - "Ай таңбалы арғымақ" өлеңдер мен поэмалар жинағы үшін;
2. Жақыпбай Нұрқанатқа, режиссер - "Жібек" мюзиклі үшін;
3. Мыржықбай Кенжеғали Тұрсынбекұлына, әнші - "Жүрегім, нені сезесің?" концерті үшін;
4. Сәукетаев Тұрыспекке, жазушы - "Желқайық" романы үшін;
5. Сегізбай Кәдірбекке, жазушы - "Тағдыр толқыны" романы үшін;
6. Смағұлов Сембіғали Абзалбекұлына, мүсінші - "Үш арыс" мүсіндік композициясы үшін;
7. Тұрысбек Секен Кәрімұлына, композитор - "Тәтті мұң" ән-күй партитуралары, клавирлер, өлеңдер жинағы үшін берілді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина