"Қалжың ба?" Димаш Құдайбергеннің Малайзиядағы концерті не үшін кейінге шегерілгені белгілі болды

Димаш Құдайбергеннің Малайзиядағы концерті сайлауға байланысты кейінге шегерілген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Бұл туралы Малайзияның Aco Media компаниясы жариялады.

"Малайзия сайлау комиссиясының сайлау күні 19 қарашаға созылатыны туралы хабарламасынан кейін ACO MEDIA басшылығы жоспарланған 19 қарашада Axiata-да өтетін Димаш Құдайбергеннің концертін кейінге шегергенін хабарлайды", - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, 19 қарашада Малайзияда Парламенттік сайлау өтеді. 

Желі қолданушылар мұндай өзгерістерге наразылығын білдіріп, пікір жазған. 

"Қалжың ба? Мен ақшамды алдын ала жинап, билет алып, қонақүйге жұмсадым, енді оның ақшасын қайтарып ала алмаймын. Концертті бір күнге ауыстырыңызшы. Қайта ұшып келу мүмкіндігі болмайды", "Концерттің сайлауға не қатысы бар?", "Мүлде жаман жаңалық. Кейбір адам бар ақшасын құртып, билет алған, ал ол билетті ауыстыруға не қайтаруға келмейді. Мәселенің шешімін табуға тырысыңыз!" - деп жазған Желі қолданушылары. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!