Қазақстан азаматтығын алуға қанша ресейлік өтініш бергені белгілі болды

Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетінің өкілдері қыркүйекте қанша ресейлік Қазақстан азаматтығын алуға өтініш бергенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"1-30 қыркүйек аралығында Ресей Федерациясының азаматтарынан Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу шін 1 161 және Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауға 177 өтініш түсті", - делінген хабарламада. 

Ресейліктерге Қазақстанда қанша уақыт тұруға рұқсат етіледі?

Еске салайық, Ішкі істер министрлігінің соңғы мәліметтері бойынша, Ресейді ішінара мобилизация жарияланғалы бері Қазақстанға 200 мың ресейлік келген. Оның 174 мыңы елден қайтадан шығып кеткен.  

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!