Астанада әйелді пышақтап өлтірген ер адам ұсталды

Астанада әйелді пышақтап өлтірген ер адам ұсталды
Фото: көрнекі сурет

Астанада 32 жастағы әйелді пышақтап өлтірген ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Рolisia.kz Telegram-арнасы.

20 қазанда сағат 18.39-да 102 арнасына ер адам әйелді пышақпен өлтіргені туралы қоңырау түскен.

"Оқиға орнына дереу полиция жасағы шықты. Факт расталды. Дүкен ішіндегі касса маңынан пышақ жарақатын алған әйел өлі табылды. Алған жарақаттарынан 32 жастағы әйел жедел жәрдем келгенге дейін қаза болған", - делінген хабарламада.

Полиция мәліметінше, ер адам аяқкиім дүкеніне кіріп, кассаға жақындап, әйелдің әріптесін итеріп жіберіп, ал өзіне пышақпен шабуыл жасаған.

"Елордалық полиция қызметкерлері 32 жастағы ер адамды ұстады. Заттай дәлел тәркіленді. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша ("Адам өлтіру") қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан