Шонжыда екі сыныптың оқушылары бір кабинетте екі жаққа қарап сабақ оқып жүр

Шонжыда екі сыныптың оқушылары бір кабинетте екі жаққа қарап сабақ оқып жүр

Желіде Алматы облысы Шонжы ауылында екі сыныптың оқушылары бір кабинетте екі жаққа қарап сабақ оқып жатқан видеосы, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ZTB Kazakhstan Instagram-парақшасындағы мәлімет бойынша, аудандық білім бөлімінің басшысы мектепте осындай мәселе болғанын растап отыр. 

Оның айтуынша, Шонжы ауылында оқушылар мектепке сыймай жатыр екен. Тіпті 3 ауысыммен білім алып жатыр.

"800 оқушыға арналған білім ошағында 2100 бала білім алып жүр. Ал балалардың дәлізде оқығаны туралы жағдай қыркүйек айының басында болған. Өйткені бірінші сыныпқа оқушылар көп қабылданды, тоғыз сынып болды. Кабинет жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін мұғалімдер бөлмесі босатылып, оқушыларға берілді. Қазір бұл мәселе толығымен шешілді", - дейді Ұйғыр ауданы білім бөлімі басшысы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ??ZTB.KZ (@ztb_kazakhstan)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина