"Мына қыз суретке түскісі келіп тұрған сияқты". Тоқаев саябақта тұрғындармен кездесіп қалды

"Мына қыз суретке түскісі келіп тұрған сияқты". Тоқаев саябақта тұрғындармен кездесіп қалды
Фото: Борт №1

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қонаев қаласының саябағында тұрғындармен әңгімелесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеолар мен фотолар Борт №1 Telegram-арнасында пайда болды. 

"Балаларға ұнай ма", - деп сұрады Президент. 

"Иә, ұнайды өте қатты. Ана жерде әткеншек бар. Бәрі күшті", - дейді тұрғын. 

"Келіңіз, суретке түсейік. Мына қыз суретке түскісі келіп тұрған сияқты", - дейді Президент. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина