"Бәрі картоптан басталды". Әнші Ұлту Қабай жары Рамазан Стамғазиевпен қалай танысқанын айтты

Әнші Ұлту Қабай жары Рамазан Стамғазиевпен қалай танысып, шаңырақ көтергенін айтты. Ол бұл туралы "Менің өмірім" бағдарламасында әңгімелеп берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бағдарлама жүргізушісі Айгүл Ысқақтың айтуынша, Рамазан Стамғазиевті 2 жыл бойы әскерден күткен қызы болған екен.

"Өнер студиясына түскен кезде бәріміз де жан-жақтан келдік. Ол кезде колхоз жұмыстарына жіберуші еді. Сонда бізді Панфилов ауданына, картоп теруге жіберді. Әңгіменің бәрі картоптан басталды. Бір ай, бір жарым ай сол колхоз жұмысында жүретінбіз. Сол кезде танысып, білісіп, дос болдық. Әңгіме достықтан басталып, махаббатқа ұласты. Алғашқы кезде ол қыз іздеп келіп, мен оны кіргізіп беріп жүретінмін. Артынан осындай болды. Сөйтіп жүріп ол қыз тұрмысқа шығып кетті, алып қашты. Біздің достығымыз махаббатқа ұласты, сөйтіп, үй болып кеттік", - деді Ұлту Қабай.

Айта кетейік, Ұлту Қабаева - эстрада әншісі. Ал Рамазан Стамғазиев - халық әндерін насихаттап жүрген әншілердің бірі. Өмірде де бас қосқан жұп дуэт ретінде өнер көрсетіп жүр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!