Алматыға келген қанша ресейлік еліне оралмаған?

Алматыға келген қанша ресейлік еліне оралмаған?
Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматы полицейлері қанша ресейлік қалада уақытша немесе тұрақты тұратынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полицияның баспасөз қызметі мәліметінше, 668 ресейліктің уақытша тұрғылықты жері тіркелген. Бұл қатарға қалада заңды түрде жалдау шарттары бойынша тұрып жатқан немесе қонақүйлерде тұратын барлық ресейлік кіреді.

Тағы 79 ресейлік тұруға рұқсат алу үшін құжаттарын тапсырған. Ал Ресейдің 35 азаматы Алматыда Қазақстан азаматтығын алу үшін құжаттарын тапсырған.

Айта кетейік, ІІМ мәліметтері бойынша, Қазақстанға күн сайын 8-9 мың Ресей азаматы келеді, 10-11 мың азамат елден шығады.

Еске салайық, 21 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин ішінара мобилизация жариялады. Осыған орай ресейліктер Қазақстанға үдере көшкен еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова