Астанада екі ресейлікті ұрып, тонап кеткендер ұсталды

Астанада екі ресейлікті ұрып, тонап кеткен күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі астаналық Полиция департаменті өкілдеріне сілтеме жасап. 

Полиция мәліметінше, ұрылар Сауран көшесіндегі хостелде Ресейдің екі азаматын ұрып, тонап кеткен.  

"Оқиға орнына келген полицейлер хостел қонақтары арасында жанжал туғанын анықтаған. Олар ішімдік ішкен. Артынша төбелесіп қалған. Күдіктілер мигранттарды ұрып, телефондары мен ақшасын тартып алған", - делінген хабарламада. 

Полицейлер ШҚО және СҚО тұрғындарын ұстады, оның біреуі бұған дейін бірнеше рет сотты болған.  

"Күдіктілерге қатысты соталды тергеу жүріп жатыр, заттай айғақтар алынды. Бүгінде күдіктілер жасаған ісін мойындады, олар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", - деді ПД өкілдері. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!