Ұзақ мерзімге сотталған шенеуніктер неге 1-2 жылда бостандыққа шығып жүр?

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов Tengrinews.kz журналисіне берген сұхбатында Италия билік өкілдерінің мафиямен күресі жолдарын мысалға келтірді, сондай-ақ, мемлекет бюджетіне қанша қаржы қайтарылғаны, өзіне пара ұсынылғаны туралы айтып берді.

Олжас Бектенов бас бостандығынан айыру жазасы 8-10 жылға көзделген кей шенеуніктер неге жазасын екі жыл ғана өтеп, бостандыққа шығып жатқанына жауап берді. 

"Мен де көп қазақстандық сияқты мұны дұрыс деп санамаймын. Бірақ бұл - 2021 жылға дейін болған істер. Мемлекет басшысы 2020 жылғы қыркүйектегі Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа жол берген шенеуніктерге жауапкершілікті күшейтуді тапсырды. 2021 жылдан бастап ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған тұлғалар үшін шартты түрде мерзімінен бұрын босату мүмкіндігі толығымен алынып тасталды", - деді ол.

Сондай-ақ, ведомство басшысы Мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулин мен оның ағасы Ерланға қатысты қылмыстық іс туралы айтты. Сұхбаттың толық нұсқасын мына сілтеме арқылы оқи аласыздар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!