Полиция қызметкерлері жүкті келіншекті суицидтен аман алып қалды

Полиция қызметкерлері жүкті келіншекті суицидтен аман алып қалды

Алматының патрульдік полиция қызметкерлері жүкті келіншекті суицидтен аман алып қалды, - деп хабарлайды Рolisia.kz.

"Дулати көшесінің бойын патрульдеу кезінде, қараусыз қалған жерден "Хюндай" маркалы көлік табылды. Көлікте бір қыз жылап отыр екен. Көлікті тексеру кезінде хат пен арқан табылды. Бойжеткеннен жауап алған соң, оның бүгін екі рет өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын анықтадық. Қызды патрульдік көлікке дейін шығарып салып, жедел жәрдем шақырдық", - дейді Алматы қалалық ПД патрульдік полиция полкінің аға инспекторы Дәулет Тұрманов.

Артынша келіншек өз-өзіне келіп, полицейлерге алғыс білдірді.

"Мені полиция қызметкерлері құтқарды. Көп рақмет. Осы уақыт бойы олар менің қауіпсіздігім үшін қасымнан шықпады. Қазір мен қатемді түсіндім", - деді келіншек.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова