Тоқаев Ту туралы челленджді қолдады

Мемлекет басшысы актер және тележүргізуші Нұрлан Қоянбаевтың Instagram желісіндегі Мемлекеттік Ту бейнеленген челленджіне қолдау білдіріп, пікір қалдырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Еске салайық, Нұрлан Қоянбаев әлемдік рекорд орнату үшін Instagram парақшасында Қазақстан Туының суретін жариялап, ерекше челленджді іске қосқан болатын. Ондағы мақсат - пікір жинаудан әлемдік рекорд орнату. Бүгінгі таңда Қазақстан Туының суреті бар бұл жарияланым 13 миллион 894 мың 392 пікір жинап үлгерген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!