Киевте бірнеше жарылыс болды

Киевтің орталығында жарылыстар болды. Бұл туралы қала басшысы Виталий Кличко айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кличконың сөзінше, жарылыстар Шевченковский ауданында болған. Артынша, Кличко тағы бір жарылыс болғанын жазды. Ресей тарапы камикадзе дрондармен соққы жасаған. Бұл туралы Украина президенті кеңсесінің басшысы Андрей Ермак хабарлады. 

Киевте әуе қаупі сейілмей тұр. Шевченковский ауданында ғимарат өртеніп жатыр. Кличконың сөзінше, ол тұрғын үй емес. Алайда одан бөлек бірнеше тұрғын үй зардап шеккен. Зардап шеккен адамдар туралы мәлімет нақтыланып жатыр. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!