Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Фото: Әлихан Сараев

Синоптиктер 18-20 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Болжам бойынша, атлантикалық циклон әсерінен және атмосфералық фронттар өтуіне байланысты алдағы күндері республиканың басым бөлігінде, әсіресе, еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жаңбыр жауады. Ал түнде Қазақстанның солтүстік жартысында қар жауады деп күтіледі. Жел күшейіп, батыста, шығыста, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда тұман түседі.

Республиканың басым бөлігінде ауа температурасы жоғарылайды:

- батыста, солтүстік-батыста түнде 3-8 градус жылы, күндіз 10-20 градус;
- солтүстікте түнде 2-7 градус жылы, күндіз 7-12 градус;
- республика орталығында 3-8 градус жылы, күндіз 5-19 градус;
- шығыста түнде 5 градус аяздан 0-8 градус аязға дейін ауытқиды, күндіз 5-13 градус;
- оңтүстікте түнде 2-7 градус жылы, күндіз 10-20 градус;
- оңтүстік-шығыста түнде 5-7 градус аязға дейін төмендейді, күндіз 5-15 градус жылы.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова