Екібастұзда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен ер адам үш күннен бері табылмай жатыр

Екібастұзда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен ер адам үш күннен бері табылмай жатыр

Екібастұзда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен ер адам үш күннен бері табылмай жатыр. Бұл туралы Павлодардың "Вита" іздеушілері әлеуметтік желідегі парақшасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жоғалып кеткен ер адам баласын балабақшаға апарған. Содан бері ұшты-күйлі жоғалған. Жұмысына да бармаған. Іздеушілер оның үйден балабақшаға дейінгі бағытын анықтаған. Сонымен қатар, қала тұрғындарынан да сұрастырылып жатыр.

Алайда жоғалған азаматты көрген адам табылмады. Із кесуші иттермен гараждар тексеріліп жатыр.

Ер адамды табу үшін іздеу шаралары жалғасып жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова