Иран президенті елдегі жаппай көтерілістерге АҚШ-ты айыптады

Иран президенті елдегі жаппай көтерілістерге АҚШ-ты айыптады

Иран президенті Ибрахим Раиси АҚШ пен Джо Байденді елдегі жаппай көтерілістерге кінәлі деп айыптады, - деп хабарлайды IRNA агенттігі.

Ол Америка президенті Иранда террор, хаос және ойран салып жатқанын мәлімдеген.

"АҚШ Ирандағы жақсы жаңалықтарға ашуланып, қандай да бір мәселе туындаса қуанады. Елдегі вандализм, кісі өлтіру және тәртіпсіздіктерді АҚШ-тың ісі екенін аңғаруға болады. Себебі Палестинадағы режим, Ауғанстандағы жиырма жылдық агрессия мен соғыс өрті олардың әрекеттерінің мысалы", - деді Раиси.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова