Астанада EXPO аумағында өрт шықты

Астанада EXPO аумағында өрт шықты
Фото: TengriNews

Астанада EXPO аумағында кеңсе ғимараты өртенді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Ақпаратты ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады.

Өрт сағат 16:22 шамасында Есіл ауданында, Мәңгілік Ел даңғылы 53/2 бойында басталған.

"Бірінші қабаттағы кеңсе ғимаратында өрт шықты. Оқиға орнына дереу Астана қаласы ТЖД жеке құрамының 40 адамы мен ТЖД 9 техникасы жіберілді. Сағат 16:44-те өрт оқшауланды", - деді Иманқұлов.

Өртсөндірушілер мұрағат бөлмесіндегі жиһаздар мен құжаттардың жалпы ауданы 40 шаршы метрге жуық жері өртенгенін анықтады.

"Сағат 17:19-да өрт сөндірілді. Бірақ біздің мамандар оқиға орнында қайта тұтанудың алдын алу үшін жұмыс істеп жатыр", - деді Иманқұлов.

ТЖД өкілдері мәліметінше, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек