Тәжікстанда Әмір Темір туралы өзбек тілінде жазылған көне қолжазба табылды

Тәжікстанда Әмір Темір туралы өзбек тілінде жазылған көне қолжазба табылды

Тәжікстан аумағында қолбасшы Әмір Темірдің өмірі мен қызметі туралы өзбек тілінде жазылған көне қолжазба табылды, - деп хабарлайды uza.uz.

Мәдени мұра агенттігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, кітаптың соңғы бетінде қолжазбаның жазылу уақыты хижри 1027 жылы деп жазылған. Бұл кезең 1618 жылғы маусым-шілдеге сәйкес келеді.

Әзірге қолжазбаны кім жазғаны, кім және қайдан көшірілгені белгісіз. Душанбеден табылған бұл көне қолжазбаның көшірмесін Өзбекстанға әкеліп, белгілі тарихшы, деректанушы ғалымдардың көмегімен терең зерттеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Әмір Темір - атақты монғол және түрік тектес халықтарының билеушісі, Темір әулеті империясының негіздеушісі. 1370 жылы Мәуереннахрды басып алып, 1405 жылға дейін 35 жыл билік құрған, 27 мемлекетті қол астына бағындырған "әлем жаулаушысы". Шайқастардың бірінде Темірдің екі саусағы кесіліп бір аяғы жаншылады. Аяғы өмір бойы сырқырап ауырып ақсақ болып қалған. Ол Темирлан (дұрысы Темирленг, «ленг» парсыша-ақсақ) Ақсақ Темір атанады

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек