16 жастағы қазақстандық спортшы жеңіл атлетикадан Азия чемпионы атанды

Кувейтте өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Арина Гладышева алтын жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

16 жастағы қазақстандық үш мың метр қашықтыққа жүгіруден үздік атанды. Оның нәтижесі 10.09.76.

Бұл турнирде Қазақстанның қоржынында барлығы төрт медаль бар. Бұған дейін Сабрина Арзиева бес мың метрге жүгіруден бірінші орын алса, Алина Чистякова биіктікке секіруде күміс, ал Айбол Омар 1500 метрге жүгіруден үшінші орын алған еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!