Желіде болашақ ЖҚАЖ жауынгерлерінің жаттығуы түсірілген видео пайда болды

Желіде болашақ ЖҚАЖ жауынгерлерінің жаттығуы түсірілген видео пайда болды
Фото: Видеодан алынған кадр

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Telegram-арнасында болашақ ЖҚАЖ жауынгерлері дайындықтан қалай өтетіні көрсетілген видеоны бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеода ҚР ІІМ Алматы академиясының алғашқы кәсіби даярлығының студенттері. Олар тауда 45 шақырым қашықтықты жүріп өткен.

"Болашақ жауынгерлер ҚР ІІМ Алматы академиясында ел Президентінің жауынгерлік дайындық деңгейін арттыру туралы тапсырмасын іске асыру шеңберінде оқу орны әзірлеген арнайы бөлімшелердің бірыңғай арнайы бағдарламасы бойынша бастапқы даярлық курстарынан өтіп жатыр", - делінген хабарламада.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, сабақтың тақырыбы - таудағы дайындық. Жаяу жүру бағыты - Іле Алатауы. Жауынгерлер су өткелдерін, жартасты жерлер мен көптеген басқа да кедергілерді еңсерді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек