Ninety One тобының экс-солисі топқа қайта қосылмайтынын айтты

Ninety One тобының экс-солисі A.Z. топқа қайта оралуына қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ninety One тобының экс-солисі Азамат Зенкаев бұл туралы "Түнгі студия" бағдарламасында бөлісті. Әншінің айтуынша, қазір ол жеке шығармашылыққа көңіл бөледі. 

"Жоқ, мүмкін емес. Қазір жеке шығармашылықпен айналысамын. Бір жыл бұрын қайта қосылуымыз мүмкін еді. Бірақ қазір олай емес. Бәлкім, он жылдан кейін қайта қосылармыз", - деп жауап берді әнші. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!