"Масқара!" Қуат Хамитов дзюдодан әлем чемпионаты жүлдегерлеріне берілетін сыйақыны сынға алды

"Масқара!" Қуат Хамитов дзюдодан әлем чемпионаты жүлдегерлеріне берілетін сыйақыны сынға алды
Фото: ©instagram.com/kuat__khamitov

Қазақстандық файтер Қуат "Найман" Хамитов Ташкентте өткен әлем чемпионатында қазақстандық дзюдошыларға берілетін жүлде туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengri Sport.

Өзбекстан астанасында Қазақстан құрамасы жекелей сында екі қола медаль жеңіп алды. Оларды турнир басында Әбиба Әбужақынова (48 келіге дейін) мен Елдос Сметов (60 келіге дейін) жеңді. Спортшылар жеңіс үшін сегіз мың еуро алуға құқылы.

"Әлем чемпионатының жүлдегерлеріне мұндай соманы беру масқара! Кейбір спортшы үшін бұл бірінші және соңғы жеңіс болуы мүмкін! Менің ойымша, қазақстандық спортқа жүлде ақшасына қатысты жаңа заң керек", - деп жазды спортшы парақшасында.

@massaget.kz #спорт#қазақстан#казахстан#ташкент#дзюдо#рек#жетістік#тарих#өзбекстан#әбиба ♬ оригинальный звук - Massaget.kz

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек