Нигерияда алапат су тасқыны болып, салдарынан 500 адам қаза тапты

Нигерияда алапат су тасқыны болып, салдарынан 500 адам қаза тапты

Нигерияда алапат су тасқыны болып, салдарынан 500 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы. 

Телеарна мәліметінше, 90 мыңнан аса үй су астында қалды. Гуманитарлық және табиғи апаттардың алдын алу министрлігі келтірген мәліметке сәйкес, тасқын 36 штаттың 27-сінде тіркелген.

Одан 1,5 миллионға жуық азамат зардап шегіпті. Қазір аймақта құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина