"Түсіндің ғой?" Хабиб Махачевке үн қатты

"Түсіндің ғой?" Хабиб Махачевке үн қатты
Фото: © РИА Новости

UFC экс-чемпионы Хабиб Нурмагомедов Ислам Махачевке (22-1) бразилиялық Чарльз Оливейрамен (33-8-1) титулдық жекпе-жек алдында хабарлама қалдырды, - деп хабарлайды Tengri Sport.

Жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек 22 қазанда Абу-Дабиде өтеді, ал Хабиб отандасын қолдауға шешім қабылдады.

"Сенің жеңілуге құқығың жоқ! Ислам Махачев, түсіндің ғой?", - деп жазды экс-чемпион.

Хабарламаға Нурмагомедов жекпе-жек кезінде Махачевке үндеу жазылған видеоны да қосты: "Бәрі жақсы болады, бауырым. Бес минутта барыңды салуың керек...Сенің жеңілуге ​​құқығың жоқ. Бар нәрсеңді осында қалдыруың керек. Ал сенде әлі көп нәрсе бар".

 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек