Күзде иммунитетті қалай нығайтамыз?

Иммунолог дәрігер Ирина Ярцева News.ru басылымына берген сұхбатында күзде иммунитетті нығайту жолдарын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дәрігердің сөзінше, ең алдымен күзде ұйқы режимін дұрыс ұстап, ауа райына сай киініп, таза ауада жиі серуендеу керек. 

Иммунолог мүмкіндігінше, 21:00-де ұйықтай бастау керегін айтады. Жыл мезгілі өзгерген кезде адамның иммундық жүйесі де айналадағы өзгерістерге бейімделе бастайды. 

Тепе теңдік сақтай білу де маңызды. Одан бөлек, күзде тұрақты физикалық қозғалыстар, оның ішінде жүру және кардиожүктеме де маңызды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!