"Қызық салт екен". Динара Сәтжан Түркиядан келген делегацияны қалай күтіп алғанын айтты

"Қызық салт екен". Динара Сәтжан Түркиядан келген делегацияны қалай күтіп алғанын айтты
Фото: Видеодан алынған кадр

Динара Сәтжан Түркияның бірінші ханымы Эмине Ердоғанмен бірге келген төрт министрдің жұбайын қалай күтіп алғанын айтты. Бұл туралы ол "Хабар" телеарнасындағы "Оян" таңғы бағдарламасында бөлісті , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Динара Сәтжан Эмине Ердоғанды күтіп алуға дайындық қалай жүргенін айтты.

"Неге мені таңдағанын білмеймін. Маған алдын ала әкімдіктен хабарласып, Қазақстанға Түркия президенті мен бірінші ханымы келе жатқанын айтты. Түркияның бірінші ханымы жергілікті дизайнерлік киімдерді ұнатады екен. Біздің шоурумды бір апта бұрын тексерді. Ет асқым келген, бірақ тек шай үстелін дайындасын деді. Тағы бір қызығы, Эмине ханым күйеуімен сапарға баратын болса, қасына бірнеше министрдің әйелі де барады екен. Бұл - бір қызық салт. Эмине ханым, өкінішке қарай, келе алмады, бірден қонақүйге барыпты, төрт министрдің әйелін күтіп алдық. Олар біздің киімдердің сапасына таңғалды. Ал біз министрдің әйелі тұрмақ, өздерін де білмейміз ғой", - деді ол.

Кәсіпкер өзін сынап жатқан әріптестеріне де жауап берді.

"Шоурумда 30-дан аса дизайнер жұмыс істейді. Шоурум үлкен, тіпті подиум бар. Бүгін әріптестерім мені Facebook-тан сынап жатқанын көрдім. Біріншіден, шетелден келгендер музейге бармайды ғой, олар сауда үйлеріне барады. Ал бізде спорт киімдерінен бастап, шапанға дейін бәрі бар. Екіншіден, мен журналиспін, маған қызық болды", - деді Динара Сәтжан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от «Хабар» телеарнасы (@khabartv)

Ол Эмине ханымға қандай сый дайындағанын, сондай-ақ, Түркияның бірінші ханымы қоңырау шалғанын айтты.

"Эмине ханымға арнайы қазақи нақыштағы әшекей сыйладым. Бүгін маған Эмине ханым қоңырау шалып, сыйлық дайындап қойғанын айтты. Бірақ сыйлығымды әлі алмадым", - деді Динара Сәтжан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dinara Satzhan (@dinarasatzhan)

Еске салайық, 12 қазанда Түркия президенті Қазақстанға Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) саммитіне мемлекеттік сапармен келді. Оны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорда әуежайында күтіп алды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек