Жеңілмеген қазақ боксшысы ең қауіпті мексикалықпен айқасады

Жеңілмеген қазақ боксшысы ең қауіпті мексикалықпен айқасады

Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) мен кубалық Давид Моррелмен (7-0, 6 КО) жекпе-жектің жеңімпазы америкалық Дэвид Бенавидеспен (26-0, 23 КО) айқасады. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне мәлімет көзі хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстандық пен кубалық қол қойған келісімнің шарты бойынша жекпе-жек жеңімпазы титулды Бенавидеске қарсы қорғауға міндетті. 

Айта кетейік, Бенавидес екінші орта салмақтағы ең қауіпті боксшы саналады. Ал көптеген сарапшылар оның суперорта салмақтағы абсолют чемпион Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) үшін ең үлкен қатер деп есептейді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина