"ВКонтакте" қосымшасы App Store-да қайта пайда болды

"ВКонтакте" қосымшасы App Store-да қайта пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Уголок ВКонтакте" Telegram-арнасына сілтеме жасап.

"ВКонтакте" қосымшасы iOS жүйесіне арналған App Store-да қайта пайда болды. Біз Apple компаниясының қосымшаны қайтару туралы шешімін құптаймыз", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін VK компаниясы Apple-дың шешімі бойынша App Store-дан өз қосымшаларының жойылғанын растаған еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!