БҚО-да әкесі ұлын пышақтап өлтірген

Батыс Қазақстан облысында әкесі мен ұлының арасында жанжал шығып, нәтижесінде ер адам ұлын пышақтап өлтірген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой город".

Қайғылы оқиға 11 қазанда сағат 22:00-де Ақжайық ауданында болған. 65 жастағы әке мен 42 жастағы ұлының арасында кенеттен жанжал туындап, кейін ер адам баласының басы мен мойнына пышақ сұққан. Алған жарақатынан ұлы сол жерде қаза тапты.

Облыстық Полиция департаменті мәліметінше, мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберіліп, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша соталды тергеу басталды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!