Түрікменстан президенті Қазақстанға алғаш рет сапармен келді

Түрікменстан президенті Қазақстанға алғаш рет сапармен келді
Фото: t.me/KZgovernment

Премьер-министрі Әлихан Смайылов Астана әуежайында Қазақстанға алғаш рет сапармен келген Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовті қарсы алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сапар барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан басшысы Сердар Бердімұхамедов өзара іс-қимыл мәселелерінің кең ауқымын, сондай-ақ, өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылайды.

Сонымен қатар, Сердар Бердімұхамедов ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына және "Орталық Азия-Ресей" саммитіне қатысады.

t.me/KZgovernment

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек