Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан төрт бала, екі ересек адам қаза болды

Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан төрт бала, екі ересек адам қаза болды

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында жантүршігерлік жол апаты болып, 6 адам қаза тауып, жарақат алған 4 адам ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жол апаты 13 қазанда сағат 17.30 шамасында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Mercedes-тің 28 жастағы жүргізушісі Алматы - Көкпек - Көктал тасжолының 69 шақырымында қарсы қозғалыс жолағына шығып, Subaru көлігімен жанамалы соқтығысуға жол берген. Одан әрі басқарудан айырылып, жол жиегіндегі ағашқа соғылған.

Оқиға орнында Mercedes көлігінде болған 6 адам қаза тапты, олардың төртеуі кәмелетке толмаған. Әр түрлі жарақаттармен зардап шеккен тағы 4 адам ауруханаға жатқызылды.

Айта кетейік, 1992 жылы шыққан Mercedes-те 10 адам болған, оның жетеуі кәмелетке толмаған.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері барлық мән-жайды анықтап жатыр. Дерек бойынша қажет сараптамалар тағайындалды. Соталды тергеп-тексеру басталды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова