"Ерке хочет замуж, бала туып, үй жинап". Әнші оқырмандарынан көмек сұрады

Белгілі әнші Ерке Есмахан өмірінде маңызды таңдау жасай алмай жүргенін жеткізіп, кәсіп пен отбасының қайсын таңдай алмай жүргенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әнші оқырмандарынан ақыл сұраған.

"Ерке Есмахан, сенің арманың бітпейді, бетіңді сыйпалап, әдемі киініп, ұшып-қонып жүрсең болды, сол рахат саған. Ал қарапайым Ерке хочет замуж, бала туып, үй жинап, күйеуіне тамақ дайындап, келін болып отырғысы келеді. Осы екеуінің ортасын қалай табамын? Ақыл айтыңыздаршы", - деп жазған ол Желіде.

Желі қолданушылары әншінің бұл жазбасына түрлі пікір жазып, тіпті кеңес бергендер де табылған.

"Жігітіңіздің құлағына алтын сырға", "Осы өмірдегі әйелдік парызыңды таңда...", "Ортасына көпір қойып, екі ортада әрлі-берлі жүріңіз", "Шыққан күйеуің жақсы болса, бетіңді сипалап, әдемі киініп, баланың күлкісімен үйді шаттыққа бөлеп, еркелеп өмір сүруге болады", - деген пікір білдіргендер.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!