"Әртістің музасымын". Жұлдыз Абдукаримованың Қайрат Нұртаспен концертте билеген видеосы тарады

"Әртістің музасымын". Жұлдыз Абдукаримованың Қайрат Нұртаспен концертте билеген видеосы тарады
Фото: Видеодан алынған кадр

Жұлдыз Абдукаримованың Қайрат Нұртаспен концертте билеген видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Концертке әртіс ретінде келмесем де, әртістің музасы болып келдім", - дейді Абдукаримова Stories-інде.

Бұл видео 12 қазанда өткен RodnoiFest концертінде түсірілген. Жұлдызды жұп Мирас Жүгінісовтің "Зымыран" әніне билеп тұр. Айта кетейік, концертте Қайрат Нұртас өнер көрсетсе, Жұлдыз жарына қолдау көрсетуге келген.

"Суретті бассаңыз, билейміз", - деп жазды ол Stories-інде.

Еске салайық, бұған дейін Қайрат Нұртасты Instagram-ына 10 жылдан кейін салатынын жазған еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек