Планшет ұтып ал! Massaget.kz сайты байқау жариялайды

Планшет ұтып ал! Massaget.kz сайты байқау жариялайды

Massaget.kz ақпараттық-танымдық порталы ерекше байқау жариялайды. Бар талабы - басыңыздан өткен, естіген немесе көрген-білген ең қызық оқиғаны жазу, баяндау. Жеңімпаз iXXi Extreme планшетінің иегері атанады.

Байқаудың жалпы ережесі мынадай:

Өту кезеңі: 1 қараша мен 30 қараша аралығы.

Мақсаты - Қазнеттегі жағымды жаңалық тенденциясын қолдау және көбейту. Қолданушылардың позитивке толы оқиғаларын көрсету.

Қатысу жолы: Massaget.kz сайтына кіріп, "Блог" айдарына (оның ішінде "байқау" бөліміне) қызық оқиғаңызды жазасыз. Ең үздіктері сайттың әлеуметтік желідегі парақшаларына жарияланады. Сондай-ақ қатысушы сайттың әлеуметтік желідегі парақшаларына (Instagram, TikTok, Telegram) жазылуы керек.

1. Байқауға жасына, жынысына, мамандығына, ұлтына қарамай кез келген адам қатыса алады.

2. Байқауға жазылатын блогтардың форматы мен тақырыбына шектеу қойылмайды. (Сайттың ережесіне сәйкес діни және саяси араздықты қоздыратын жазбалар өшіріліп отырады және қабылданбайды).

3. Ең үздіктері сайт бетіндегі "Ең қызықты блогтар" айдарына қойылады.

Жеңімпаздарды анықтау:

1. Байқау жеңімпаздары редакция алқасы таңдауымен анықталады. Материал суреті, видеосы, блогқа жазылған пікірлер мен қаралым саны жеңімпазды анықтауда ескеріледі.

2. Қатысушылардың көркем тіліне, тақырыбының мән-маңызына, өзектілігіне, шығармашылық фантазиясына, көркемдік безендірілуіне (авторлық сурет), мультимедиялық контент (авторлық видео, аудио) жасауына басымдық беріледі. Сторителлинг нұсқасында жасауға да болады.

3. Ғаламтор беттерінде жарияланған жазбаларды көшіріп басуға болмайды. Сондай-ақ автордың бұрын жарияланған жазбалары қабылданбайды.

Қатысушыларға сәттілік тілейміз! Ең қызық оқиғаларды бірге оқиық.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш