Танымал жайдарманшы көлікжуушы болып жұмыс істеп жүрген видео тарады

Танымал жайдарманшы көлікжуушы болып жұмыс істеп жүрген видео тарады

Желіде "Зертас" жайдарман командасының мүшесі көлікжуушы болып жұмыс істеп жүрген видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеоны TikTok-қа Самат есімді астаналық жігіт жүктеген. Ол көлік жуып жүрген жайдарманшыны видеоға түсіреді. Жайдарманшы өзінің жататын орнын да көрсеткен. 

Жайдарманшының сөзінше, ол 11 жылдан бері сахнада жүр. 

"Қарапайым ауылдан келгенмін. Әлі жайдарман ойнаймын", - дейді жайдарманшы. 

@qazaqsamat

Сегіз жеті жүз бес. Екі жүз он. Нол төрт. Алпыс алты. Айгерим Қ.

♬ оригинальный звук - Samat

Осылайша, видео авторы оқырмандары жинап берген қаржыны ұсынды. 

Желі қолданушылары да жайдарманшыны танып, көмек ұсынған. 

"Осы жігітке қор ашып, 1 бөлмелі болса да үй алып беру керек сияқты ше... Алла ниетіне берсін. Алла қаласа жақсы болып дамып кетсін", "Бұл қарапайымдылық емес, амал жоқтық", "Иә, "Зертас" командасының жігіттерімен әңгімелесіп көргенмін, өте қарапайым, өте жақсы жігіттер!", - дейді оқырмандар. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина