Ұлыбритания королі ІІІ Карлды ұлықтау рәсімінің қашан өтетіні белгілі болды

Анасы қайтыс болғаннан кейін таққа отырған Ұлыбритания королі III Карл хаттама ережелерінде бекітілген қаралы күн аяқталғаннан кейін ғана тәжді алады, - деп хабарлайды Euronews.  

Басылым мәліметінше, Ұлыбритания королі ІІІ Карлды ұлықтау рәсімі 2023 жылдың 6 мамырында өтеді. Бұл туралы Букингем сарайының ресми сайтында жарияланды.

Монархты ұлықтау рәсімі Лондондағы Вестминстер аббаттығында өтеді. Шара барысында король ІІІ Карл мен оның жұбайы патшайым-консорт Камиллаға тәж кигізіледі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!