Екі белбеу иеленген Али Ахмедов рейтингте үздік 10 боксшының қатарына қосылды

Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы (19-1, 14 КО) Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) рейтингінде жоғары көтерілді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Ахмедов соңғы кездесуін Головкин мен "Канелоның" андеркартында өткізіп, америкалық Габриэль Росадоны төрешілердің шешімі бойынша жеңді. Бұл кездесуде отандасымыз WBC Silver және IBF North American белбеулерін иеленді. 

Ал жаңартылған WBC рейтингінде Ахмедов 20 сатыдан бірден оныншы орынға көтерілген. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!