Біртанов ісі: прокурор экс-министрді 6 жылға соттауды сұрады

Біртанов ісі: прокурор экс-министрді 6 жылға соттауды сұрады
Фото: Tengrinews.kz/Иван Сухоруков

Бүгін Астанада бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ісі бойынша сот жарыссөздері өтіп жатыр. Прокурор соттан экс-министрді кінәлі деп тануды және 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сондай-ақ, айыптау Біртанов пен оның орынбасары Әбішевтен 1 миллиард 548 миллион 136 мың 575 теңгені тең үлестермен өндіріп алуды, сондай-ақ Біртановтан санитарлық авиация бортын пайдалануға жұмсалған 5 миллион 503 мың 721 теңгені өндіріп алуды талап етті.

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа хорватиялық Ericsson Nicola Tesla компаниясы құрған Денсаулық сақтау министрлігінің Ақпараттандыру платформасын қабылдау және пайдалануға беру арқылы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген айып тағылған болатын. Ол сондай-ақ, коронавирус пандемиясы кезінде санавиация бортын заңсыз пайдаланды деп айыпталып отыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина